"Жетісу" футбол клубының спорт директоры сотталды

1230
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/jetisufk
Фото: instagram/jetisufk

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

“Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды”, делінген Антикор хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер