Бүгін, 15 тамыз күні Алматыда №7 тролейбустің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Рөлді басқара алмаған қоғамдық көлік жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей аялдама кешені мен аялдамада тұрған жаяу жүргіншіге соқтығысқан.
«Апат салдарынан жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр»,—деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
<