Бүгін, 15 тамызда Байқоңырдан «Союз-2.1а» ғарыш жүк кемесі ұшырылды. Бұл туралы Роскосмос жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Зымыран Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан Астана уақыты бойынша сағат 08:20-да шығарылды.
Кеме Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді. Оның ішінде жабдықтар, тәжірибелік жұмыстарға арналған отын, азот, киім, су және экипажға арналған тамақ бар.
Айта кетейік, «Союз-2.1а» Халықаралық ғарыш станциясымен 17 тамызда түйіседі.