Антикор Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласына іздеу жариялады

1223
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталған ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновты бес күннен бері іздеу үстінде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Азамат Қапеновты іздеп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиға Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында оның Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы екендігі айтылды. Қапенов бұрынғы ҰҚК басшысының үлкен қызына үйленген.

Іздеу "БИПЭК-Авто" ісіне қатысты болуы мүмкін.

Пікірлер