Қыркүйектен бастап елімізде жарық бағасы қымбаттамақ

1393
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

1 қыркүйектен бастап жарық құны қымбаттайтын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жарыққа байланысты Энергетика министрлігі бұйрық жобасын әзірледі.

Бұл жоба қолдау тапса, жарықпен қамтушы ұйымдар бағаны 8-ден 8,27 теңгеге дейін көтереді. Ал кейіннен кВ/сағ 9,27 теңге болатыны айтылды.

Тариф Астана-Энергия, Алюминий Қазақстан, Степнагор жылу электр орталығы, Жаңажол, З-Энергоорталық және Қазақхром компанияларында өзгереді.

Ал бұл бұйрық жобасы 23 тамызға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда болады.

Пікірлер