Байзақованың інісінің “Дикий Арман” жетекшілік еткен қылмыстық топқа қатысы бары айтылды

967
Adyrna.kz Telegram

Полиция белгілі қазақстандық блогер Айжан Байзақованың інісі, блогер Әлихан Байзақовтың Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» лақап аты) ұйымдасқан қылмыстық тобына (ҰҚК) қатысты тергеу әрекеттеріне қатысқанын растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Аталған азамат полицияға куәгер ретінде жеткізілді. Тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін ол босатылды», - деп хабарлады сәрсенбі күні Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында «Дикий Арманның»жетекшілігімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар болуы мүмкін 15 адамды тұтқындау және тінту жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Арман Жұмагелдиевке Алматыда Қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктер кезінде қасында болған 24 адамды тонады деген айып тағылып отыр.

Пікірлер