Бүгін, 4 тамызда алты жастағы бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға Ұлытау облысы Сәтпаев қаласында болған. Қазір ақ халаттылар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
ТЖМ балалар өмірі үшін сақ болуға шақырады.
- бөлмеден шыққанда терезені ашық қалдырмаңыздар;
- терезелерге блокаторлар орнатыңыздар;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыздар;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
Еске сала кетейік, кеше Семейде төрт жастағы бала терезеден құлап, көз жұмды.