Париж-2024. Бүгін қазақстандықтар бірнеше сайыста бақ сынайды

1842
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

27 шілде – Париж олимпиадасының алғашқы ресми жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынады. Ал қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесін ұсынамыз.

Академиялық есу 

Владислав Яковлев (12:00)

Нысана көздеу

12:00 – іріктеу, 13:30 - финал

Ислам Сәтпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле

13:30, 15:30 – іріктеу

Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

Дзюдо

13:00 – іріктеу, 19:00 – жартылай финал, финал

Әбиба Әбужақынова, Елдос Сметов

Теннис

15:00

Юлия Путинцева – М. Костюк (Украина)

18:00

Александр  Бублик – Т. Фриц (АҚШ)

Спорттық гимнастика

18:30 - іріктеу

Милад Карими, Нариман Курбанов

Тас жолдағы велоспорт

19:32 – финал

Евгений Федоров

Үстел теннисі

00:30 (28 шілдеге қараған түні)

Кирилл Герасименко – Н. Бургос (Чили)

Бокс

00:52

Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).

Айта кетейік, Париждегі төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға әлемнің 206 елінен 10 500 спортшы қатысады. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 79 спортшы спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады.

Пікірлер