Қазақстанның сыртқы қарызы бойынша елу елдің қатарында екені анықталды

1844
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zakon.kz
Сурет: zakon.kz

Қазақстан сыртқы қарызы көп елу мемлекеттің қатарына енді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық банкке сілтеп.

Ұлттық банк ҚР сыртқы борышына қатысты есепті жариялады. Банк мәліметінше, Қазақстанның сыртқы борышы 2024 жылдың сәуір айында 165,3 миллиард долларға жеткен. Ал жалпы ішкі өнім 26 трлн 23 млрд 903,8 млн теңге болыпты.

БАҚ деректерінше доллар бағамына шаққанда Қазақстанның сыртқы қарызы оның ЖІӨ-ден 2,8 еседен асып түсіп тұрғаны анықталды.

Ұлттық банк дерегінше, бұл борыштың үлкен бөлігі – қазақстандық жеке сектордың – банктердің, түрлі саладағы алпауыт кәсіпорын мен компаниялардың қарызы.

Пікірлер