Күрежолда жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін жасырын патрульдеу іске қосылуы мүмкін

1474
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Күрежолда жасырын патрульдеу іске қосылатыны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

16 шілде күні ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында жол ережесін бұзғандарға қатысты ұсыныс айтылды. Полиция дерегінше, Атырау облысында белгісі жоқ машина арқылы ережені бұзғандарды тіркеу мүмкіндігі сынақтан өткізілгені белгілі болды.

Ұсыныс аясында тәртіп сақшылары арнайы белгісі жоқ көлікпен жол ережесін бұзғандарды фото мен видео арқылы тіркейді. Мұндай жағдайда полиция жүргізушімен ешқандай қарым-қатынас жасамайды. Айыппұл тіке көлік тізгіндеген жүргізушіге электронды түрде барады.

Ішкі істер министрлігі мұндай тәжірибе Атырау облысының жолдарында сәтті сыналғанын және оны басқа өңірлерге де ұсынатынын мәлімдеді.

Алайда мұндай бастама өзге күрежолдарға қай уақытта жететіні әлі белгісіз.

Пікірлер