Үндістанда медбике қазақстандық әйелге зорлық жасады деген күдікке ілінді

1473
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Үндістанда 25 жастағы медбике қазақстандық науқасқа зорлық әрекетін жасады деп күдікке ілінген. 50 жастағы қазақстандық әйел тізе буынының артроскопиясына ота жасатқан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Times of India-ға сілтеп.

Әйел Үндістанға жұма күні қызымен барған. Ол ауруына байланысты жексенбі күні от жасатып, жергілікті ауруханаға жатқан. Науқасты қалпына келтіру бөлмесіне ауыстырған соң медбике оның жөргегін ауыстырып жатқанда орынсыз қол жүгірткен көрінеді.

Өзіне медбикенің бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткенін білген әйел бар мұңын қызына айтқан. Қазақстандықтар дереу полицияға хабар беріп, аурухана басшылығына шағымданыпты.

Науқас әйелге қол жүгірткен күдікті дүйсенбі күні қамауға алынды.

"Айыптауларды ескере отырып, біз оқиғаға қатысы бар барлық тараптарға әділетті қарауға және шындықты анықтау үшін және әділеттілікті қамтамасыз ету үшін мұқият және бейтарап тергеу жүргізілуіне барлық күш-жігерімізді саламыз", - делінген шетелдік БАҚ таратқан мәліметтерде.

Пікірлер