Назарбаевқа тиесілі ресейлік банкі АҚШ санкциясына түсуі мүмкін

2059
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік АТБ банкі АҚШ-тың санкциясына ілінуі мүмкін. Бұл туралы Nege.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Назарбаевқа тиесілі ресейлік АТБ банкі кез келген уақытта АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілуі мүмкін», - делінген дүйсенбіде жарияланған хабарда.

Атап өткендей, 320 ресейлік банктің шамамен 30% шектеулерге ұшырайды және бұл тізім ай сайын жаңартылып отырады.

«Қазіргі уақытта АТБ банк санкцияға ұшыраған жоқ, бірақ жылдың соңына қарай жағдай өзгеруі мүмкін. OFAC Ресейдегі қаржы институттарын бұғаттау әрекеттерін күшейтуде», - деді жағдаймен таныс дереккөз.

Пікірлер