«Антикор» жол жұмыстарының бірнеше миллионға артық бағаланғанын анықтады

1428
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали жол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Антикор жартыжылдық алқа отырысында жол саласын жоспарлаудан бастап қабылдауға дейінгі жол құрылысының барлық процестерін зерттеп, ірі аудит жүргізбек. Барлық өңірлерде сарапшылар мен қоғам белсенділері бар мониторингтік топтар құрылып, жұмысты бастағаны белгілі болды.

Қазірдің өзінде бес облыста жол жұмыстары 4,8 млрд теңгеге асыра бағаланғаны белгілі болды.

Пікірлер