Қырғызстан басшысы зираттардың аумағын пайдалану идеясын ұсынды

1708
Adyrna.kz Telegram
Фото: economist.kg
Фото: economist.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров зираттарға алып ескерткіштер тұрғызатындар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қырғызстан басшысы елдегі жер көлемінің тапшылығына байланысты зираттар алып жатқан жер телімдерін пайдалануды қайта қарау керектігін айтты.

Садыр Жапаров Ыстықкөл облысына жұмыс сапары барысында бірнеше зираттарды аралап, олардың аумақтарының 200-300 жыл бойы қараусыз қалғанына алаңдаушылық танытты. Президент көлемі екі қабатты үйлерден де асып түсетін зираттарда күмбез салуға наразылығын білдірді.

Жапаровтың пікірінше, мұндай құрылыстар ешқандай пайда әкелмейді. Керісінше, құнды жер кеңістігін алып жатыр.

Сонымен қатар, Садыр Жапаров аудан орталықтары мен ауылдарды дамыту үшін жер ресурстарын үнемдеп, бес қабатты тұрғын үйлер салу қажет деп есептейдтінін де атап өтті.

Пікірлер