Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында ауруханаға түсіп қалды

1672
Adyrna.kz Telegram
Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото:instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдындаауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы бүгін, 12 шілдеде Top Rank Boxing америкалық промоутерлік компаниясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз 14 шілде күні WBO және IBF нұсқасындағы әлем чемпионы атағын қорғауы керек еді. Алайда спортшы әлсіреген күйде ауруханаға түскен. Оған салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі себеп болған.

Пікірлер