Риддер қаласы экс-әкімінің ұсталғаны айтылды

1265
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ustinka.kz
Сурет: ustinka.kz

Риддер қаласының экс-әкімі Дәулет Батырбаев ұсталды. Бұл туралы Kozachkov телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ол 200 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатыр»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Дәулет Батырбаев Риддер қаласының әкімі лауазымына 2023 жылы тағайындалған еді. Ол биылғы жылдың 29 сәуірінде өз еркімен қызметінен кетті.

Пікірлер