“Сарқырама ағысы иіріп әкетті”. Түркістанда қыз бен жігіт көз жұмды

2017
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында демалуға кеткен қыз бен жігіт суға түсіп көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеп.

Бәйдібек ауданындағы Шұқыршақ сарқырамасына жігіт пен қыз достарымен демалуға барған.

Қайғылы оқиға 29 маусым күні болған. Куәгер әйел оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

"Бұл жер өте қауіпті, өзіміз де көрдік. Бір қарағанда ақырын ағып жатқан сияқты көрінеді, бірақ қатты ағынмен шұңқыр жасап ағып жатты. Күйеуім де суға батып кете жаздап, сол жерден әзер шықты" , - деді әйел.

Ерлі-зайыптылар кешке қарай үйге қайтуға дайындалып жатқанда, сарқырамаға бір топ жас келгенін көрінеді.

“Мен оларға бармаңдар, қауіпті дедім. Бірақ олар мені түсінбей, төменге қарай беттеді. Айғайлап шұңқыр жаққа бармауын сұрадым. Олардың үшеуі сол маңда күліп-ойнап жүрді, бір кезде секунд ішінде оларды қатты ағыс иіріп әкетті", - деді әйел.

Пікірлер