Ер адам көпқабатты үйдің терезесіндегі әйелді құтқарып қалды

1215
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір әйел терезе арқылы қашпақ болған. Алайда 7 қабаттан терезе арқылы түсуге сескенген әйелді төтенше жағдай қызметкерлері  құтқарып қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 10 шілде күні шамамен сағат 02:00-де болған. Елордада Ш.Иманбаев 8 мекенжайында өрт шыққан. 7 қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиhаздары өртенгені анықталды.

Қалалық төтенше жағдай департаменті желідегі парақшасында құтқарушы ер адамның терезеге жармасқан әйелді құтқарып жатқан сәттен бейнежазба жариялады. Бір құтқарушы жанып жатқан пәтерден әйелді балкон арқылы сыртқа шығарса, екіншісі оны төменгі қабаттан ұстап, құлап кетпеуін қамтамасыз еткен.

“Бүгін түнде өрт шықты. Маған балкон арқылы түсуге тура келді. Бағлан мен Қыдыр мені құтқарып қалды. 6-қабаттан аяғымнан ұстап түсіріп алды. Оларға ерекше алғыс айтқым келеді”, – дейді төтеншеліктер құтқарған әйел.

Пікірлер