Атырау балабақшаларының бірінде төрт жасар бала септикке құлап, мерт болды

1331
Adyrna.kz Telegram

Атырауда балабақшада төрт жасар бала канализация септигіне батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Атырау Пресс сайтына сілтеп. 

«Бүгін таңертең Құрсай шағын ауданындағы «Чебурашка» жеке балабақшасында жан түршігерлік оқиға болды. Төрт жасар бала септикке түсіп, суға батып кеткен. Баланың өлімін қалалық білім бөлімі растады», - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі балабақшадағы бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазір тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп түйіндеді баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Пікірлер