Ақмола облысы әкімінің кубогына арналған мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирі аяқталды. Оған өңірдін 10 ауданынан, 3 қаласынан 26 команда қатысты.
Ұйымдастырушы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.
Турнир 2 кезеңнен тұрды, бірінші кезең: «Аймақтық» (онлайн форматта) – «тірек» пікірсайыс клубтары, бекітілген аудандармен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен аймақтық пікірсайыс турнирлерін өткізді.
Екінші кезең: «Облыстық» (оффлайн форматта) – Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін облыстық пікірсайыс турнирі.
Пікір-сайыс жарысы дүниежүзілік мектеп форматы бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Қазақ лигасында:
1 орын – «Шың» тобы Целиноград ауданы;
2 орын - «Жаңа Дәуір» тобы Степногорск қаласындағы №4 «Болашак» облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты;
3 орын – «Жігер» тобы Есіл ауданы.
Орыс лигасында:
1 орын – «Железный человек» тобы Косшы қаласы;
2 орын – «Парасат» тобы Шортанды ауданы;
3 орын – «DRCL» тобы Көкшетау қаласы.
Ағылшын лигасында:
1 орын - «Tetramind» тобы Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Білім-инновация» IT лицей-интернаты;
2 орын – «Iron Man» тобы Қосшы қаласы;
3 орын – «Elite» тобы Бурабай ауданы.
«Үздік спикер» номинациясына қазақ лигасында Жақсы ауданы «Парасат» тобының спикері Жалбыр Арайлым иеленді;
«Үздік спикер» номинациясына орыс лигасында Бурабай ауданы «Болашақ» тобының спикері Естаева Мадина иеленді;
«Үздік спикер» номинациясына ағылшын лигасында Қосшы қаласы «Iron Man» тобының спикері Нурай Маусымбаева иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына қазақ лигасында төреші Гүлжан Әмірбек иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына орыс лигасында - төреші Аружан Айтмұхамбет иеленді.
«Үздік төреші» номинациясына ағылшын лигасында - төреші Әсем Әнуарбекова иеленді.
Жеңімпаздар Ақмола облысы әкімінің кубогымен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен, команда жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталды.
1 орынға ие болған жеңімпаздар республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайды.