Астанақұл, Астанали, Астанахан. Естімеген елде көп

869
Adyrna.kz Telegram

Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады және олардың басым көпшілігі ерлер – 17 адам екені айтылды, деп хабарлайды “Адырна” порталы ұлттық статбюроның мәліметіне сілтеп. 

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де ерекше есім иелері бар.

Бұлар — Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

Пікірлер