Бүгін — еліміз үшін тарихи күн. Осыдан тура 30 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш боп Талғат Мұсаев ғарышқа ұшты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
1994 жылдың 1 шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешенінде Талғат Мұсабаев экипаждың бортинженері ретінде алғашқы ғарыштық сапарына аттанған еді.
126 тәулікке созылған сол сапарында ол ашық кеңістікте 11 сағат 7 минут өткізді.
Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құранды, тәуелсіз Қазақстанның туын, елтаңбасын және Байқоңырдың бір уыс топырағын өзімен бірге алып барды.