Атырауда жеті жасар қызды ескерткіш жаншып, мерт болды

1373
Adyrna.kz Telegram

Атырауда Жеңіс саябағындағы ескерткіш жеті жасар қызды басып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«26 маусым күні сағат 00.40 шамасында Атыраудағы Жеңіс саябағындағы алаңда 2017 жылы туған қыздың үстіне ескерткіш құлады. Алған жарақатының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды», - деп жауап берді Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бала сол күні кешке отбасымен бірге болған және далада қатты жаңбыр жауып тұрған.

Пікірлер