23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күні

617
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Бүгін елімізде мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2013 жылы ҚР Президенттің Жарлығымен 23 маусымда елімізде мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген.

Атаулы мерекеге орай Президент мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады.
"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!" – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер