Куәгерлер ер адамды бауыздаған азаматқа қатысты пікір білдірді

1501
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Павлодарда жұрттың көзінше ер адамды бауыздаған азаматқа қатысты көршілері пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

16 маусым күні кешкі уақытта Павлодарда ер адам біреуде көршілерінің көзінше бауыздап өлтірген тастаған. Жәбірленушіні пышақпен тамағынан осып жіберген бейнесі тарады. Оқиға куәгерлері жағдайдың қалай өрбігенін айтты.

Куәгерлер екі жыл бұрын дәл осы жерде адам өлімі болғанын айтты. Яғни,16 маусымда қаза болған ер адам 2022 жылдың мамыр айында танысымен бір үйде тұрған. Азамат танысын абайсызда итеріп жіберіп, өлтіріп қойған. Ол осы қылмысы үшін 1,5 жыл түрмеде отырғаны белгілі болыпты.

"Оқиға екі жыл бұрын болған. Ер адамдар ішімдік ішіп отырған, ол абайсызда бір адамды итеріп жіберіп, қайтыс болған. Ал 16 маусым күні марқұмды бауыздаған адам "Жұманың кегін алдым" деп айтты деді”, – күдіктінің көршісі.

Павлодар тұрғынын өлтірді деген күдіктіні полицейлер ұстаған. Тіпті бауыздаған ер адамның жасырыну ниеті болмағанын да айтады.

Пікірлер