Жыл басынан бері 20 бала суға кетті – Министр

1381
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны кезінде адам шығыны болмағанын айтты , деп хабарлайды Adyrna.kz ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін журналист министрден «Биыл Қазақстанда күтпеген жерден су тасқыны болды. Келер жылғы жағдайға дайынсыздар ма? Алдын ала қандай шаралар жасайсыздар?» деп сұрады.

«Келесі жылға дайынбыз деп айта аламын. Дайындық жүріп жатыр. Жергілікті әкімдіктермен бірігіп тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл үлкен тәжірибе болды. Өзіңіз көргендей атқарылған шаралардың арқасында адам шығыны болған жоқ. 120 мыңнан астам адам құтқарылып эвакуацияланды. Жасалған жұмыстардың арқасында көптеген үйлер мен мекемелерге су кірген жоқ», – деді министр.

Сондай-ақ журналистің «Адам шығыны болған жоқ дедіңіз. Бірақ Абай облысында трактордың үстінде отырған екі азамат және. Құлсарыда әкелі-балалы азаматтар суға кетті. Олар адам шығынына жатпай ма?» деген сұрағына министр «Мен тікелей су тасқыны салдарынан болғандарды айтып жатырмын» деп қысқа жауап берді.

Пікірлер