Әлеуметтік желіде киіз үйде жалаңаштанып билегендер жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Бишілер” үстіне ұлттық нақыштағы киім киіп, жартылай жалаңаш болған. Олар ақ орамал тағып, бауырсақ пен қымыз ішкен суреттерін салған. Артынша олардың жалаңаштана ерсі әрекет көрсетіп, билеген видеосы тарады.
Бейнеде үш қыз көрінген. Алайда билегендердің біреуі ер адам болып шықты.
Видео қазақстандық блогер, биші Әлішер Сұлтанбекұлының Instagram-парақшасында жарияланды.
“Кәсіби бимен айналысамын. Мұны шығармашылық деп түсініңіздер! Қарапайым адамдар мен шығармашылықпен айналысатындардың арасы жер мен көктей. Олар біздің ойлау жүйемізді түсінбейді. Сосын жаман сөздер жазып, балағаттайды. Менің ойым салт-дәстүрімізді қорлау емес, оның таным-түсінігін кеңейту”, – деді Әлішер Сұлтанбекұлы.
Ал желі қолданушылары олардың ерсі әрекетіне ашуланып, шағымдануда.
Бейнені әлеуметтік желіден көре аласыз.