"Өзімізде байланыс жоқ". Үкімет отырысына облыс әкімі интернетке байланысты кешігіп келді

1206
Adyrna.kz Telegram
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін Үкімет отырысында байланыс сапасын жақсарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Үкімет отырысында байланыс сапасының нашарлығына байланысты Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 35 секунд бойы билікпен байланыса алмады. Үкімет басшысы байланысқа қатысты әкімге шағым жасады.

«Алдымызда республикалық және облыстық жолдардың бойын байланыспен қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл ретте аталған жұмыс Ақтөбе, Атырау облыстарында нашар қарқынмен жүріп жатыр. Осы өңірлерді тыңдаймыз. Ақтөбе облысы, Асхат Берлешұлы сіздерде байланыс діңгектерін орнатуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқыны төмен. Не дейсіз?», — деп сұраған еді Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңір әкімі Асхат Шахаровтан.

Бірақ облыс әкімі жиналысқа кешігіп келген.

«Байланыс сапасы туралы әңгіме қозғап жатырмыз, өзімізде байланыс жоқ», — деп кейіді Үкімет басшысы.

Ақтөбе әкімі кешірім сұрап, Үкімет басшысына жауап берді.

«Тамыз айында мемлекеттік сараптамадан өткізіп, барлық техникалық құжаттаманы қалыптастыруды аяқтаймыз. Келесі жылдың 1-жартыжылдығында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мұнан бөлек, биыл жергілікті бюджет есебінен 67,3 млн теңге бөлініп, байланыс операторларымен 70 шақырымға жуық республикалық жол мобильді байланыспен қамтылады. Жобаларды іске асыру тұрақты бақылауда», — деді ол.

Пікірлер