«Ойжұмбақ-2» мультфильмінің қазақша дыбыстамасы прокаттың алғашқы күні рекорд орнатты

3260
Adyrna.kz Telegram

«Ойжұмбақ-2» мультфильмінің қазақша дыбыстамасы рекорд орнатты. Прокаттың алғашқы күнінен бастап табысы 10 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Vlast.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, “Ойжұмбақ-2” мультфильмі былтыр рекорд орнатқан «Аватар: Су жолы» фильмінің алғашқы аптада тапқан табысынан үш есе көп. 

Айта кетейік, Disney’дың жаңа туындысы 13 маусымда прокатқа шыққан болатын. Мультфильмді Disney студиясы өз есебінен қазақша аударып, дубляждаған. 

Анимациядағы жаңа кейіпкерлерді Ninety One тобының мүшелері дыбыстады.

 

 

Пікірлер