Әкесімен бірге суға батқан жас жігіт өлі табылды

1735
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ақтауда әкелі-балалы суға батты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде 9 маусым күні болғаны хабарланған. Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше марқұм болған 21 жастағы жігіт жағадан 130 метр қашықта табылды.

Құтқарушыларға "Шора" су арнасында адам суға батып кеткені туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнынан 1981 жылы туған, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарылды. Алайда оның 2003 жылғы ұлы суға батып, мерт болған.

Құтқарушылар суға батқан адамның денесін сағат 21:30-да жағадан шамамен 130 метр қашықтан, 2,5 метр тереңдіктен тапты.

Пікірлер