Солтүстікке көшіп барған белсендінің үйі толығымен өртеніп кетті

3999
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Көпке үлгі болып, Алматы облысынан солтүстікке қоныс аударған қоғам белсендісі Бурақан Дақановтың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданы Сергеевка ауылында тұрады. Қайғылы оқиға 9 маусымға қараған түні болған.

Қоғам белсендісі үйінің шамамен түнгі 1-лерде жанғанын айтады. Оның барша құжаттары, дүние-мүлкі түгел өртеніп кеткен. Азаматтарды оңтүстіктен солтүстікке шақырып жүрген белсенді "Адырна"  тілшілеріне оқиғаның қалай болғанын айтты.

"Өрт электр сымдарының тоғысуы кесірінен болды. Бала-шағамызбен шығып үлгердік. Ешкімді кінәлап отырған жоқпын", - деп жауап берді Бурақан Дақанов.

Оның Сергеевкадағы үйі 3 бөлмелі болған. Енді Бурақан Дақанов кішкентай төрт баламен баспанасыз қалды.

Қоғам белсендісі халықтан қолдау күтетінін айтып, желіде жазба жариялады.

"Мұндағы үйлер ағаштан жасалады екен. Сырты пенопластпен қапталған", - деді Бурақан Дақанов.

 

Пікірлер