Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Бангкоктағы бокстан Олимпиадалық іріктеу текетіресінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сілтеп.
«Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бүгін, 25 мамырда Қазақстан құрамасы квота үшін күресті бастады. Елімізден рингке бірінші болып Назым Қызайбай шықты. Екінші раундта ол қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Екіншіден кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті», - делінген сенбі күні таратқан хабарда.
Ақпаратқа сәйкес, 50 келіге дейінгі салмақта іріктеу басталғанда оған словакиялық Николь Дурикова қарсы шыққан.