Министрлік WhatsApp-та пайда болған жаңа алаяқтыққа байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады

661
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  StopFake сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскерлер бейнеқоңырау жиі қолданылатын танымал WhatsApp мессенджерін пайдаланады. Олар сөйлесудің бірнеше секундында басқа біреудің атына несие рәсімдеу туралы ақпаратты ала алады.

«Алаяқтар қоңырауға жауап берген адамның бет бейнесін көшіру үшін бейнеқоңырау жасайды. Бейнеқоңырау арқылы мобильді банкингте өзін растаған жағдайлар болды. әсіресе шетелдіктерден. Егер қоңырауға жауап берсеңіз, дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарлаңыз», - деп ескертеді ІІМ баспасөз қызметі.

Пікірлер