Тағы бір қазақстандық ару Эверест шыңын бағындырды

2153
Adyrna.kz Telegram

23 мамырда тағы бір қазақстандық ару Жәмилә Баширова Эверест шыңын бағындырды. Бұл туралы 14 PEAKS EXPEDITION альпинизм бойынша логистикалық компаниясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз командамыздың керемет жетістігімен бөліспекшіміз. 2024 жылдың 23 мамырында біздің белді альпинистер Эверест шыңына шықты. Бұл ерлік экспедициямыздың әрбір мүшесінің адалдығы мен еңбекқорлығын көрсетеді», - делінген хабарламада.

Шыңға шыққан альпинистер тізімінде Жәмиля Баширова да бар.

Еске салайық, бұған дейін Эверест шыңын Анна Бурашева бағындырған еді.

Пікірлер