Бүгін, 22 мамырда непалдық альпинист Ками Рита Эверестке шығу саны бойынша өзінің рекордын жаңартты. Ол ең биік шыңға (теңіз деңгейінен 8848 м биіктікте) 30-шы рет шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
The Himalayan Times газеті альпинист туралы 14 Peaks Expedition экспедициясының бас директорының сөзін келтірді:
«Бүгін таңғы сағат 7:49-да Ками Рита әлемдегі ең биік тау Эверестті 30-шы рет сәтті бағындырды».
Айта кетсек, альпинист Таши Лакпа 2024 жылы 12 мамырда Эверестті 29-шы рет бағындырған еді.