Ауруханаға түскен Сауд Арабиясы королінің жағдайы белгілі болды

778
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Сауд Арабиясының тақ мұрагері корольдің ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы rua-ға сілтеп.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман 19 мамыр күні корольдің пневмонияға байланысты ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Ол Салман бен Абдулазиз Әл Саудтың денсаулығы алаңдатпайтынына сендірген. Мұрагер 21 мамыр күні корольдің орнына кабинет отырысына төрағалық етті.

«Мәртебелі тақ мұрагері екі киелі жердің сақтаушысының дені сау екеніне сендіреді, корольдің денсаулығына алаңдаған баршаға алғысын білдірді», - деп хабарлады телеарна.

Пікірлер