«Көкшетау» халықтық би ансамблі 50 жылдығын атап өтті

705
Adyrna.kz Telegram

«Көкшетау» ансамблі 1974 жылы құрылды. 1975 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігі ұжымға жемісті жұмысы мен зор шығармашылық табыстары, жоғары орындаушылық шеберлігі және қазақ биін белсенді насихаттағаны үшін «халықтық» жоғары атағын берді.

«Көкшетау» халықтық би ансамблі тек Көкшетау қаласының ғана емес, Ақмола облысының да «визит карточкасы» болып табылады. Ол шынымен де "халықтық" ансамблі және осы құрметті атаққа лайықты. Бұл жыл сайын әр түрлі жастағы ондаған қыздар мен ұлдар қатысатын ең тұрақты ансамбльдердің бірі.

50 жылдық жемісті жұмыс барысында ұжым жалпыға бірдей танылды, би әуесқойларының бірнеше буыны өзгерді, ал көбісі өз ісімен хореографияны таңдады және тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де жұмыс істейді.

Қазақ ұлттық өнерін насихаттай отырып, «Көкшетау» көптеген жақын және алыс шет елдерде Республика туын көтерді, түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің бірнеше дүркін лауреаты болып табылады.

Осыған орай, «Көкшетау» халықтық би ансамблі 50 жылдық мерейтойына арналған «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды. Бағдарлама түрлі жылдардағы үздік хореографиялық қойылымдардан құралған, оны қазіргі құрамның қатысушылары мен түрлі жылдардағы бұрынғы бишілер орындады.

Мерейтойлық іс-шараға өткен жылдардың басшылары: Марат Қуанышбеков (Астана), Елена Болотова (Ресей Федерациясы), Айсұлу Омарова (Алматы), қоюшы балетмейстерлер: Тойған Ізім, Гүлнар Саитова және Алмат Шәмшиев, мәдениет басқармасының басшысы, басқа да құрметті қонақтар шақырылды.

Пікірлер