Иран президенті және сыртқы істер министрі мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ИРНА-ға сілтеп.
Иран президенті Эбрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан мінген тікұшақ Шығыс Әзірбайжан аймағында қатты қонған.
«Президент мінген тікұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан аймағында тұманды ауа райы салдарынан жерге құлады, президент кортежі Тебриз аймағына бет алды», - делінген хабарламада.
Иранның ішкі істер министрі Ахмад Вахиди Ибрахим Раиси кортежінің тікұшағының апатқа ұшырағанын растады. Ол оқиға орнына құтқару топтарының жіберілгенін мәлімдеді.
Бортында Иран президенті бар тікұшақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейін қайтып келе жатқан сәтте Әзірбайжан шекарасына жақын Джольфа қаласына қатты қонған.
Тікұшақтың ішінде Тебриз имамы да болғаны анықталған. Tasnim ақпарат агенттігі тікұшақ экипажының командалық орталықпен байланысқа шыққанын хабарлады. Аймаққа 16 құтқару тобы жіберілген.
Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Иран билігі өзге де деректерді хабарлайды.