Атырау облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Орал республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу әлі де жалғасып отыр. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады.
«Бұл шешім өр суының көп келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданып отыр», — делінген хабарламада.
Жедел штабтың хабарламасында, қазір елді-мекенлердегі жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.
"Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер — Атырау трассасы арқылы қатынай алады", — делінген хабарламада.