Екі партияны тіркеуге рұқсат берілмеді - вице-министр

1114
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстанда екі партияны тіркеуге рұқсат берілмеді. Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенатта өткен баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Дәл қазір Әділет министрлігінде қаралып жатқан жаңа саяси партиялардың өтініштері жоқ. Бірақ биылғы жылдың басынан бері Әділет министрлігіне саяси партиялар құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы белгіленген тәртіпте қаралды. Біреуі қолдау тапты — Yntymaq партиясы. Қалған екеуі бойынша құжаттары толық жиналмаған, сондықтан қабылданбады», — деді Жақселекова.

Бұл тұрғыда «Алға Қазақстан» мен «Халық дербестігі» партияларының тізімі сәйкес келмеген. Вице-министр осының негізінде рұқсат берілмегенін айтты.

Пікірлер