"Әблязовтың сыбайласы" делінген Алексей Богданов Қазақстанға оралды

939
Adyrna.kz Telegram
Фото: Александр Трунбул
Фото: Александр Трунбул

Мұхтар Әблязовтың тағы бір "сыбайласы" делінген адам Қазақстанға өз еркімен оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Антикордың мәліметінше, 15 мамыр күні Интерпол көмегімен Әблязовтың сыбайласы саналған Алексей Богданов Бельгияның Брюссель қаласынан Алматыға келді. Құзырлы органның мәліметінше  Богданов кінәсін толық мойындап, өз еркімен елге оралған соң оған қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгергені белгілі болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топқұрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі одан әрі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», - деп хабарлады Антикор.

БАҚ-тағы ақпарат бойынша, Алексей Богданов «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған. Ол 2009 жылдан бері іздеуде жүрген болатын.

Пікірлер