Жайық суы шекті деңгейден асты

1273
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден асқаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп.

Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметі су деңгейінің күн сайын көтеріліп жатқанын хабарлады.

«2024 жылғы 14 мамырда сағат 8.00-де Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі: Индербор ауылында +3 см, су деңгейі – 1041 см, критикалық деңгей – 845 см; Махамбет ауылы +14 см, су деңгейі – 980 см, критикалық деңгейі – 850 см; Атырау қаласы +6 см, су деңгейі – 551 см, критикалық деңгей – 550 см; Жаңаталап ауылы +7 см, су деңгейі – 398 см, критикалық деңгейі – 500 см; Еркінқала ауылы +5 см, су деңгейі – 356 см, критикалық деңгей – 450 см», - делінген орталықтың хабарламасында.

Пікірлер