Ақтау тұрғыны жұбайынан зорлық-зомбылық көретінін айтып, көптен көмек сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Ақтаулық Арайлым есімді келіншек жұбайының зорлық-зомбылық жасап, қудалауына байланысты желіге бейне жүктеп, Қазақстанның құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Айтуынша, әйел жұбайымен 13 жыл бірге тұрып келген.
"Білесіздер бе, мен Бишімбаевқа қатысты сот процесін көріп, таңғалдым. Оның не айтатынын алдын-ала білген сияқтымын. Даусы, сөйлеу мәнері. Мұндай адамдар бірдей өмір салтын ұстанып, бірдей ойлау қабілетіне ие бола ма? Өз басым тозақта өмір сүрдім. Одан 2023 жылы кеткім келді, бірақ үш кішкентай балам бар еді. Ол мені ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытты, аңғал және жас болдым. Қорыққанымнан қайтып келдім. Ақырында одан таяқ деп ауруханаға түстім", - дейді Ақтау тұрғыны.
Арайлым күйеуімен кездескеннен соң ауруханаға түскен. Тіпті наурызда ер адамға әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы туралы үкім де шыққан.
"9 наурызда күйеуім Ақтау әуежайынан келе жатқанымда ізімнен түсіп апатты жағдай туғызды. Соның салдарынан мен тоқтауға мәжбүр болдым. Ол көлігіме жақындап келіп, есікті ашуымды талап етті. Қоқан-лоққы көрсетіп, бейәдеп сөздерін айтты. Мен есіктерді жауып алдым. Ол көп ойланбастан жүргізуші жақтағы әйнекті бір ұрып, сындырды", - дейді әйел.
Әйелдің жанында құрбысы да болған. Ол ерлі-зайыптылардың арасындағы жандалды бейнеге түсірген. Бұл туралы келіншектің өзі баяндады.
"Полиция қызметкерлері менің жағдайымды көре тұра, асықпай, шамамен 10 минуттан кейін ғана қоңырау шалды. Онымен сыпайы түрде сөйлесті. Ол мені тіпті полиция тұрса да қорқытудан жасқанбады. Құрбым жағдайға араласып еді "жеке отбасылық өмірге араласпауын және арандатушылық тудырмауын" сұрады. Ал маған орнымнан тұрып, көліктеріне барып, арыз жазуым керек деді. Мен стресс пен суықтан дірілдей бастадым, бүкіл денем құрысып қалды. Бұл қорқынышты түс секілді. Жедел жәрдем келгенде ғана есім жиылғандай болды”, - деді ол.
Әйел адам кейінірек ауруханаға келген полицейлердің қорғау нұсқамасының бар екенін білмейтіндерін мәлімдепті.