Шымкентте шала туған сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында болған.
Белгісіз әйел ай-күні жетпей туған сәбидің денесін №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық нәрестенің өлі денесі қорапшада болған.
«Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде»,—деді Шымкент қаласының полиция департаменті.