Армения премьер-министрі ресейлік телеарналарға қандай жағдайда тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Никол Пашинян ресейлік БАҚ-тың Арменияның ішкі өмірін құрметтемесе, олардың хабар таратуына тыйым салынатынын хабарлаған.
“Біз ресейлік арналардан Армения мен оның мүдделеріне құрметпен қарауды сұраймыз. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа бағалай отырып, бірнеше рет сұрауға, содан кейін бірнеше рет талап етуге дайынбыз. Егер жетінші рет біздің талабымыз еленбесе, онда бұл арналардың барлығы өшіріліп, Арменияда таратылуы тоқтатылуы керек», - деді премьер-министр.