Израиль әскері Рафах бақылау-өткізу бекетінің палестиналық бөлігінде лаңкестікке қарсы операцияны бастап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қаланың шығысында лаңкестікке қарсы операцияны бастап кетті. Рафах қаласы Газа секторы мен Египеттің шекарасында орналасқан.
Израиль әскери операция бастайтынын жария еткен. Өйткені қаланы палестиналық «ХАМАС» қозғалысының соңғы бекінісі деп санайды.
Айта кетейік, бұл қақтығысқа халықаралық қауымдастық қарсы.
Себебі мұнда Газа секторының өзге өңірлерінен қашып келген миллионнан аса босқын бар. 6 мамыр күні Израиль тарапы босқындарға қауіпсіз жерге кету туралы үнпарақтар таратқан болатын. БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы:
"Рафах қаласының шығыс бөлігінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы бұйрық берілді. Оларға өзге босқындар лагері ұсынылған. Ал бұл орындарда онсыз да адам көп. Солардың өзіне де жағдай жасалмаған. Жалпы қазір Рафахты паналап жүрген миллионнан аса босқынның жартысынан астамы – балалар", - деді Стефан Дюжаррик.