Түркістан облыстық полиция департаменті 7-сынып оқушысының әкесінен жүкті болып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Тергеу басқармасының бастығы Жандос Құлмаханның айтуынша, жасөспірімнің анасы полицияға арыз жазған.
«Барлық жағдай анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылды. Оқушыға тиісті көмек көрсетіледі. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», -деді ол.
Қазір күдікті қамауда отыр.