Түркістанда балабақша қызметкері балаларды еден жуғышпен сабаған - Прокуратура

1495
Adyrna.kz Telegram
Сурет: norma.uz
Сурет: norma.uz

Түркістан облысында балабақша қызметкері балаларды еден жуғышпен сабағаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Іс қозғауға себеп болған оқиға бақылау камераларының жазбаларына түсіп қалған. Бейнеде әйелдің балаларды еден жуғышпен ұрғанын көруге болады. Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Анықталғандай, төрт балабақшада қызметкерлер балаларға күш көрсеткен.

Келес ауданының прокуратура қызметкерлері мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың қалай тамақтанатынын және қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын тексермек.

«Біз мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құқықтарын сақтау үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Қазір 97 балабақшаның тек 6-уы ғана тексерілді. Біз тексеруді 20 күннен кейін аяқтаймыз», - деді Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов.

Пікірлер