Жайық өзені: Тайпақ ауылында су деңгейі көтерілді

2194
Adyrna.kz Telegram
Фото: АқЖайық
Фото: АқЖайық

Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданында 25 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Қазгидрометке" сілтеп.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметінше 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге жеткен. Ал оның ең қауіпті шегі – 850 см.

Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 см түссе, Оралда 5 см, Көшімде 3  см түскені айтылды.

Айта кету керек, Көшім каналында су деңгейі бірден 40 см, Елек өзені Шыңғырлауда 22 см төмендеді.

Пікірлер