Әблязовтің компаниясымен байланысты жер телімдері мемлекетке қайтарылды

1332
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қордай ауданы тұрғындарының жер учаскелерін «БТА банкке» кепілге беруді заңсыз деп тауып, жерді тұрғындарға қайтарып беру туралы шешім шығарды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2006 жылы "БТА Банк" мен "Қазэксим" ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы көлемі  14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі "Қазэксим" ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін банкке кепілге берілген. Жер пайдаланушылары несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы 2010 жылдың қыркүйек айында білген.

2010 және 2017 жылдардағы сот үкімдерімен "Қазэксим" ЖШС бас директоры, М.К.Әблязов және басқа да ұйымдасқан топ мүшелері сотталды. Олардан Банктің пайдасына материалдық залалдың едәуір сомасы өндірілген. 

«Борышты қайтару бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2011 жылы Жамбыл облысының прокуроры "БТА Банкі" АҚ-ның мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген. 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен өндіріп алу жолымен 3 млрд.теңгеден астам қарыз өндірілді. 2016 жылдың қыркүйек айында ЖСО атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалып, “Қазэксим" ЖШС кепілге қойылған мүлкіне өндіріп алу бойынша атқарушылық әрекеттері жасалды. 2018 жылы аукциондық сауда-саттық жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша 5 жер учаскесі сатылып кеткен. Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімі заңсыз деген шешімге келді, себебі ол жер учаскелері "Қазэксим" ЖШС-не заңсыз берілгенін анықтап, осыған байланысты жер учаскелері Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылуға жатады деп тапты»,— делінген хабарламада.

Пікірлер